Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

90-жылдарда жарнама қандай болған еді?

90-жылдарда жарнама қандай болған еді?

Барлығы неден басталды?

90-жылдардағы жарнаманың өзіндік ерекшелігі көп болды. Ұрандатып жарнамалау, ел назарын өзіне барынша аудартуға күш салынды. Негізінде, алғашқы қазақстандық жарнаманың қалыптасуында еуропалық мәдениеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы айрықша болды. Нарықтық экономикаға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның сауда-саттық, нарықтық қарым-қатынас мәселесінде іс-тәжірибенің аздығынан шет елдік дайын үлгілерге иек артуына, ресейлік, еуропалық жарнамаға кеңінен орын беруіне тура келді. Ол кезең ностальгиялық естелік қана емес, креативті жастардың тың идеясына негіз болып табылатын жаңа дүниелерге де толы болды. Себебі, ол жылдары индустрияның қалыптасу уақыты мен қазіргі таңда креаторларға шектеу болатын көптеген ережелердің жүрмеген кезеңі еді. Сонымен, 90-жылдардың маркетингі неден басталды?

Өткен ғасырдың аяқ шенінде елімізде шетелдік өнімдер жаппай саудалана бастады. Яғни, ұлтты жаһандық «сникерстендіру» кезеңі басталды. Үйдің әрбір теледидарында Procter&Gamble кір жуу ұнтағы, Mars шоколады және ерігіш Yupi, Zuko мен Invite сусындарының түрлі жарнамаларына орын берілді. Айта кету керек, дәл 90-жылдары желілік маркетинг те кеңінен тарала бастады.

[caption id="attachment_82658" align="aligncenter" width="645"]жарнама Фото: blog.zolle.ru[/caption]

Ресейлік копирайтерлер шетелдік жарнамалық ұрандарды ебіне келтіріп аудару арқылы жақсы абырой жинай бастады. Ал театралдық жұмыс пен кинотүсіру саласының қызметкерлері өнімдерге қысқа метражды сатиралы жарнамалық роликтер түсіре бастады. Бұрынғы мәдениет саласының қызметкерлері: жазушылар, сценаристер және журналистер өзінің таланттарымен заманауи копирайтингтің негізін қалады. Бүгінгі уақытта маркетологтар мен креативті жастардың олардан көп нәрсені үйреніп, есте қалатындай жарқын жарнамалар мен жарнамалық ұрандар құрастыруды жетілдіру керек сияқты. Ресейлік танымал маркетологтар да сол уақыттағы жарнамалардың балалықтың жарнамасы болғандығын айтады. Кейбір роликтер әлі күнге дейін күлкілі болып көрінеді, кейбірін түсіну қиын. Бірақ бір артықшылығы – ешкімді бейжай қалдырмайды.

Ең танымал жарнамалық ұрандар (слоган). Zolle нұсқасы бойынша 90-жылдардағы барлығының есінде қалған 16 жарнамалық ұранның тізімі де жасалған болатын.

  1. Tide: «Вы всё еще кипятите? Тогда мы идем к Вам»
  2. Invite: «Просто добавь воды»
  3. МММ: «Мы не халявщики. Мы – партнеры»
  4. Milky Way: «Молоко вдвойне вкусней, если это Milky Way»
  5. Pepsi: «Pepsi — бери от жизни все!»
  6. Банк Империал: «Всемирная история»
  7. Snikers: «Не тормози. Сникерсни!»
  8. Шоколад  Россия: «Россия — щедрая душа»
  9. Sprite: «Не дай себе засохнуть»
  10. Twix: «Сделай паузу — скушай Twix!»
  11. КАМАЗ: «Танки грязи не боятся»
  12. Шоколадный батончик: «Шок – это по-нашему»
  13. Mirinda: «Жизнь хороша, когда пьешь не спеша»
  14. Рондо: «Свежее дыхание облегчает понимание»
  15. Налоговая полиция: «Заплати налоги и спи спокойно»
  16. Mamba: «Все мы любим мамбу, и Сережа тоже»

Ең үздік жарнамалық роликтер. Сіздердің назарларыңызға 90-жылдары үлкен танымалдыққа ие болған 5 жарнаманы да ұсынамыз.

    1. Invite – сүйікті ерігіш сусындар
2. Лада – «position number one» — рота солдаттары қатысқан ресейлік автопромның өзгеше жарнамасы 3. Мәскеулік желдеткіштер зауытының жарнамасы 4.  Империал Банкінің ойдан құрастырылған тарихи оқиға негізінде түсірілген қысқа метражды роликтер сериясы https://youtu.be/2KR33rduBeg
  1. Және, әрине, Херши кола жарнамасы. Америкалық өнеркәсіппен бәсекелестікке түсу оңай емес, бірақ Вовочка бейнесі сол кезеңдегі халықтың ой-санасында ұзаққа дейін сақталды.

Нұрила Әбдіманап "7"

Похожие материалы