Экономика
Төрт лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың І тоқсанында Теміржол көлігін бақылау басқармасы 1049 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде азаматтарға «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» қызметі 699 рет, «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» қызметі 350 рет, «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» қызметі 5 рет көрсетілген.
Мониторинг нәтижелері бойынша қызмет көрсетушілердің ҚР заңнамасын сақтамағандары және қызметтерді уақытында көрсетпегендері анықталды.
Жүктерді тасымалдауға лицензия беру қызметін көрсету кезінде анықталған заң бұзушылықтар негізінде Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының және Астана қаласы бойынша Көлікті бақылау инспекциясының қарамағындағы теміржол көлігін бақылау бөлімінің 4 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.