Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - Инвесторлар «Қазақтелеком» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасында (KASE) сатып алып жатыр, деп хабарлайды LS.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша 20 сәуірде индекстегі сегіз эмитенттің төртеуі оң аймақта орналасты.
Ең көп өсу «Қазақтелекомда» байқалды. Бағалы қағаздар аптаны 28,4 мың теңге (+ 5,6 пайыз) деңгейінде аяқтады. Одан кейін KEGOC (+ 1,9 пайыз) пен Kcell-дің (+ 1,8 пайыз) баға белгілеулері көтерілді.
Бұдан басқа, өсім Астана Банкінде - 1,1 мың теңге (+ 0,5 пайыз) байқалды.
Сонымен бірге, индекстегі қалған бағалы қағаздардың бағасы арзандай түсті.
Qaz Minerals (-2,5 пайыз) акциялары біраз төмендеді. Артынша Халық банкінің бағалы қағаздарының (-2,1 пайыз) құнының төмендеуі байқалды.
Сондай-ақ, Банк ЦентрКредит (-0,03 пайыз) пен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (-0,1 пайыз) үлесі біршама төмендеді.
Тұтастай алғанда KASE индексі 0,72%-ға өсті және 2468,58 тармақты құрады.
Сонымен қатар, Лондон қор биржасында KAZ Minerals (-0,45 пайыз) және Халық банкі (-4,07 пайыз)акциялары арзандап, ал «ҚазМұнайГаз» (+ 0,39 пайыз) акциялары ұлғайды.