Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның проблемалық активтерінің көлемі ұлғайды

БЖЗҚ-ның проблемалық активтерінің көлемі ұлғайды

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) проблемалық активтерінің көлемі ұлғайып, 2018 жылы 1 сәуірде 41,1 млрд теңгені құрады.

Қордың Басқарма төрағасы Нұрбиби Наурызбаева атап өткендей, 2013-2014 жылдары жеке зейнетақы қорларын біріктіру нәтижесінде БЖЗҚ-на түскен активтермен жұмыс жалғасып отыр.

Бұрын хабарланғандай, компаниялар бойынша дефолттар негізінен 2006-2009 жылдары өткізілді.

«2018 жылдың басында 19 эмитент бойынша 37 млрд теңге проблеммалы активке ие болдық. 2017 жылы азаматтық тәртіпте эмитенттермен жұмыс дерлік аяқталды. 2017 жылы 1,2 млрд теңге қайтарылды», - деді қордың басшысы.

Наурызбаева бірнеше эмитент бойынша қылмыстық іс ашылғанын айтты.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның басқарушы директоры Өтеғұлов Маулен 2018 жылғы 1 сәуірдегі жаңартылған деректерді келтірді. Жыл басынан бері бұл көлем 37 млрд теңгеден 41,1 млрд теңгеге дейін өсті. Оның айтуынша, тағы бір жаңа проблемалы эмитент қосылды.

«Бірінші тоқсанда бізге ABDI-дің кеңсе тауарларымен айналысатын компанияның жаңа активі қосылды. Осылайша, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі 20 эмитенттің жалпы қарызы 41,1 млрд теңгені құрады», - деді ол.

Похожие материалы