Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлыбританияның үздік дәрігерлері гендік ауруды емдеу бойынша екі күндік семинар өткізеді

Ұлыбританияның үздік дәрігерлері гендік ауруды емдеу бойынша екі күндік семинар өткізеді

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - Бүгін Алматыда «Балалардағы муковисцидозды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы ауруханаларының гендік ауруларды емдеу бойынша ең мықты деген дәрігерлері республиканың әр түкпірінен келген 100-ден астам дәрігерге семинар өткізіп жатыр.

Атап айтқанда, Грейт Ормонд-стрит және  Бромптон Корольдық ауруханаларының жетекші дәрігерлері Иен Бальфур-Лин, Аммани Прасад, Сьюзан Мэдж, Милан Мацек, Сьюзи Кенни  және Дүниежүзілік муковисцидоз ұйымының Президенті Терри Стюарт мырзаның өзі келді. Шетелдік мамандар екі күн бойы (24-25 сәуір) өтетін семинарда гендік ауруларды емдеу ойынша әлемдік тәжірибелерімен бөлісіп, муковисцидозды диагностикалау мен емдеудің заманауи және инновациялық тәсілдерін ұсынады.

«Бүгінгі шара Қазақстан Республикасында балалардағы сирек ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған Жол картасы аясында өткізіліп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда ресми түрде муковисцидозға шалдыққан 105 науқас тіркелген. Шараны өткізудегі басты мақсатымыз ҚР дәрігерлерінің біліктілігін арттыра отыра, медициналық қоғамдастықты муковисцидоз мәселелеріне назар аударту», - дейді «Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» ҚБ қазақстандық муковисцидоз қауымдастығы Индира Избасарова.

Оның айтуынша, гендік ауруға шалдыққан  науқастарды емдеу бүкіл әлемде ерекше қымбат және әлемнің барлық дамыған елдерінде арнайы Мемлекеттік бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.

«2017 жылдан бері Қазақстанда балалардағы сирек ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған Жол картасы іске асуда. Жол картасы аясында диагностикалаудың клиникалық хаттамалары,   науқастардың емделу жолдары қарастырылуда және емдеу мен диагностикалау жетілдірілуде. Әр облыс орталықтарында орфандық аурулар бойынша үйлестірушілер бар. Олар республикалық орталықтармен біріге отырып пациенттерге медициналық көмек береді. Елімізде муковисцидозбен ауыратын балалар тегін емделіп, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі директор орынбасары Гүлнар Жангарашева.

Айта кетейік, аталмыш шара аясында 26 сәуір күні  шетелдік қонақтар ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, сирек ауруларға шалдыққан балалардың ата-аналарымен кездеседі. Кездесу аясында №2 қалалық балалар емханасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері және клиника дәрігерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді (ПБХҒО, мәжіліс залы). Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанда муковисцидоз орталығын салу жайын талқылау жоспарланған.

Похожие материалы