Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Долларландыру деңгейі наурыздың соңында 44 пайыз болды

Долларландыру деңгейі наурыздың соңында 44 пайыз болды

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы наурыздың соңында 16 820,8 млрд теңге (бір айда қысқару 0,5%) болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 824,2 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 7 996,6 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 426,3 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 7 394,5 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға қысқарды. Долларландыру деңгейі наурыздың соңында 44,0% (ақпанда – 45,2%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы наурызда 5 361,0 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға өсті, шетел валютасымен 3 463,1 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 39,2%) қысқарды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 065,2 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 3 931,4 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 49,2%) қысқарды.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 11 708,7 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 429,1 млрд теңге, шетел валютасымен – 5 279,6 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,4% (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,6% (11,7%) болды.

Похожие материалы