Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Төлем карталары арқылы 4,2 трлн теңгеге операция жүргізілді

Төлем карталары арқылы 4,2 трлн теңгеге операция жүргізілді

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері мен өзге де төлем жүйелері жұмыс істейді.

2018 жылғы қаңтар-наурызда Ұлттық банктің төлем жүйелері (банкаралық ақша аудару жүйесі мен банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 202,8 трлн теңге сомаға 10,0 млн транзакция жүргізілді (2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда төлемдердің саны 20,3%-ға ұлғайды, төлемдер сомасы 3,7%-ға өсті). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,4 трлн теңге сомаға 169,6 мың транзакция жүргізілді.

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 4,2 трлн теңге сомаға 158,5 млн транзакцияны құрады. Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі 59,7%-ға дейін (2017 жылғы қаңтар-наурызда – 44,0%) өсті, қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 27,0%-ға (18,1%) дейін ұлғайды.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 26 банк пен «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 20,1 млн бірлік болды.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 9,6 мың банкомат, 131,7 мың POS-терминал, 838 банк дүңгіршегі болды. 2018 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 82,1 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, бұл 2017 жылғы 1 сәуірдегі олардың санынан 15,7%-ға асты.

Похожие материалы