Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Уоррен Баффеттің компаниясы Apple-дің 75 млн акциясын сатып алды

Уоррен Баффеттің компаниясы Apple-дің 75 млн акциясын сатып алды

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz - Уоррен Баффетт басқаратын Berkshire Hathaway компаниясы Apple-дің 75 млн акциясын сатып алды. Nasdaq биржасында сауда-саттық барысында Apple акциялары 183,87 долларға дейін жетіп, рекорд жаңартты, деп хабарлады «Ведомости».

Мәскеу уақытына сәйкес, 21.14 мәліметтері бойынша, Apple компаниясының қарапайым акциялары 183,49 долларға бағаланып, 3,73%-ға қымбаттады. Компанияның капиталы 931 млрд доллардан асты.

CNBC миллиардерлердің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, жұма күні Баффет компаниясы Apple-дің үлесін арттырды. Berkshire Hathaway бұрын iPhone өндірушісінің 170 млн акциясына ие болған. Соңғы мәміле Berkshire Hathaway компаниясына State Street Corporation компаниясын айналып өтіп, Apple-дің үшінші ірі инвесторы атануына мүмкіндік береді.

Похожие материалы