Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы 77 доллардан асты

Мұнай бағасы 77 доллардан асты

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz -  Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы біршама қымбаттай түсті.

Сауда-саттық нәтижесінде, шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы  Лондонның ICE Futures биржасында 2,36 долларға көтеріліп, баррелі 77,21 долларын құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,08 долларға қымбаттап, баррелі 71,14 долларға жетті.

Похожие материалы