Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық банкир, әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевтың не себепті ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Ертаев Жомарттың ұсталғаны айтылады.
«Ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 млн доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген. Сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен», - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Қазіргі уақытта Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.