Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Global Petrol Prices рейтингісінде жанармайдың қол жетімділігі бойынша 14-орынға көтерілді, деп хабарлайды LS.
Жыл басында энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, республика бір литр бензин үшін 0,56 доллар бағасымен 15-орынға ие болған. Қазіргі уақытта баға 2 центке, бір литр үшін 0,54 долларға дейін төмендеді. Ал, әлем бойынша бензиннің орташа бағасы бір литр үшін 1,15 АҚШ долларын құрайды.
Ал Қазақстанмен бірге 14-орынға іліккен мемлекеттер Боливия және Сауд Арабиясы болды. Оларда да жанармай бағасы дәл сондай.
Бірінші кезекте, дәстүрлі түрде Венесуэла (0,01 доллар) қалады. Үштікте, сондай-ақ Иран (0.29 доллар) мен Судан (0.34 доллар) бар.
Түркменстан 7-орынға (0,43 доллар) тұрақтады. Өз кезегінде, Ресей мен Қырғызстанда баға көрсеткіші бірдей болды (0,65 доллар). Ал, Беларуссияда отын бағасы 0,66 долларды құрады.
ең қымбат отын Исландия (2.12 доллар), Гонконг (2.09 доллар) және Норвегияда (2 доллар).
Сонымен бірге, Бозымбаев елдегі артық бензин туралы және оның арзанырақ болуы мүмкін екенін айтты.