Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында республикалық бюджетке түсетін түсімдер 2,5 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды LS.
2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (шамамен 2,3 трлн теңге) салық пен төлемдер көлемі 9,4%-ға өсті.
Салықтардың ең көп мөлшері Алматы қаласында болды. Осы қалада 622,2 млрд теңге жиналды.
Салықтың көлемі бойынша екінші орында Атырау облысы тұр. Ол республикалық бюджетке 364,8 млрд теңге бөлді.
Көшбасшылар үштігін Астана тәмәмдайды. Бұл қаладан 326 млрд теңге салық жиналды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында салықтық түсімдер 158,9 млрд теңге, Маңғыстау облысында 130,9 млрд теңге, Ақтөбе облысында 125,7 млрд теңге, Алматы облысында 107,6 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында 97,4 млрд теңгені құрады.
Шығыс Қазақстан облысында салықтар 90,4 млрд теңге, БҚО-ында 89,6 млрд теңге, Павлодар облысында 88,5 млрд теңге, Қостанай облысында 55,4 млрд теңге, Ақмола облысында 50 млрд теңге болды.
Қызылорда облысында салық түсімі 41,3 млрд теңгені, Жамбыл облысында 28,2 млрд теңгені, Солтүстік Қазақстан облысында 27,6 млрд теңгені құрады.