Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 345 млн долларды құрады

Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 345 млн долларды құрады

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 345 млн долларды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 32%-ға артты (261,0 млн доллар).

2017 жылы Қытайға АӨК өнімдерін экспорттау 180,5 млн долларды құрап, 34,3% артты (134,4 млн доллардан 180,5 млн долларға дейін).

Бидайдың экспорты 306,9 мың тонна немесе 57,5 млн долларды құрады (2016 жылы бидай экспорты 281,1 мың тоннаны немесе 52,4 млн доллар құрады).

Мұздатылған балық 2,2 есеге (1301 тоннадан 2883 тоннаға дейін немесе 1,4 млн доллардан 3,2 млн долларға дейін) ұлғайды.

Күнбағыс тұқымдары 1,7 есеге (73,8 мың тоннадан 123,7 мың тоннаға дейін немесе 18,6 млн доллар 32,8 млн доллар дейін) артты.

Басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері 1,1 есеге (31,6 мың тоннадан 36,7 мың тоннаға дейін немесе 8,0 млн АҚШ доллар 8,9 млн доллар дейін) өсті.

Күнбағыс майы, мақта 2,3 есеге (11,5 мың тоннадан 27,0 мың тонаға дейін немесе 10,1 млн доллар 21,9 млн долларға дейін) артты.

Соя майы 7,3 есеге (578 тоннадан 4238 тоннаға дейін немесе 0,5 млн доллар 3,4 млн долларға дейін) өсті.

Расп майы 1,6 есеге (5,2 мың тоннадан 8,7 мың тоннаға дейін немесе 4,3 млн доллар 6,7 млн долларға дейін) ұлғайды.

Мақта талшығы 1,6 есеге (300 тоннадан 2650 тоннаға дейін немесе 0,4 млн доллар 4,1 млн долларға дейін) артты.

Сонымен қатар, 2017 жылы Қытайға алғаш рет төменде көрсетілген өнімдер экспортталды: соя – 7,7 мың тонна немесе 3,1 млн доллар, асыл тұқымды жылқы – 68,9 тонна (228 бас) 190,0 мың доллар.

Похожие материалы