Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 5,4%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, айтарлықтай үлес жеке кәсіпкерлерге тиді (44,2%). Екінші орында - шағын кәсіпорындар (27,7%). Ірі компаниялар жалпы көлемнің 19%-ын құрады. Ал, орташа компаниялар небәрі 9,1%-ға жетті.
Өңірлік тұрғыда басым бөлігі Алматыда (31%) болды. Одан кейін Астана (11,3%), Қарағанды (9,5%) және Шығыс Қазақстан (8,8%) жалғасады.