Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бағдат Мусин денсаулығын түзеп, ары қарай бизнеспен айналысады

Бағдат Мусин денсаулығын түзеп, ары қарай бизнеспен айналысады

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің экс-төрағасы қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің экс-төрағасы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мен мемлекеттік құрылымнан денсаулығымды түзеуге кеттім, бұл әрине, басты мақсат. Бірақ, өзімді қатардан шығарып тастауға талпынып отырғам жоқ, ерте. Құрама штаттарға барып, денсаулығымды түзеп қайтамын, сосын бірден жұмысқа. Жаһандық жобаларды жүзеге асырғысы келетін жігіттермен өз идеяларымды жүзеге асырамын. Қазір цифрландыру барлық салаға дендеп енуде, ол ірі ұйымдардағы қазіргі қатып қалған, бюрократияланған қағидаларды бұзып, компанияларға дамуға мүмкіндік беруде», - деп жазған.

Ол белгілі бизнесмен Айдын Рахимбаевпен бірге бизнеспен айналысатынын айтты. Олар бірге BI Group-ты цифрландырумен қатар, BeInTech атты бірлескен компания құрған. Бұл компания цифрландыру саласында жұмыс атқармақ.

«Ең мықтысы – біз жасанды интеллект, blockchain-нің басымдылықтарын пайдаланып, қазақстан ғана емес әлемдік деңгейде дамытуды қажет ететін fintech-өнім жасау бойынша пікіріміз бір жерден шықты», - деп жазды Мусин.

Похожие материалы