Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын құрылған кооперативтерді қолдау жөнінде нақты шаралар қабылдайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын құрылған кооперативтерді қолдау жөнінде нақты шаралар қабылдайды

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында АӨК-тің әрі қарай дамуы, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту барысы талқыланды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығының барлық салаларында 1180 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді. Тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауды тек 528 ауыл шаруашылығы кооперативі (АШК) ғана жүзеге асырып отыр. Кооперативтердің қалған бөлігі өз қызметін жаңа форматта жүзеге асырмайды немесе келешегі жоқ деп саналады.

Осыған орай, 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-тің Мемлекеттік бағдарламасына енгізілетін түзетулер шеңберінде әкімдіктерден кооперативтер құру жөніндегі индикативті жоспарлар тәжірибесі алынып тасталынды.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған шаруа қожалықтарының өзара іс-қимылының екі механизмі – өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі құралы: көлденең кооператив және тік (зәкірлік) кооператив. Жеке қосалқы шаруашылықтар жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылық нысандарында кәсіпкерлік субъектілері ретінде кооперативтерге кіре алады.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын құрылған кооперативтерді қолдау жөнінде нақты шаралар қабылдайды. Аталған Заңның арқасында әрі қарай дамуға нақты перспективалары бар кооперативтер қолжетімді және заңға сай барлық мемлекеттік қолдаудың түрімен қамтамасыз етілетін болады. Даму болашағы жоқ кооперативтер үшін мүлік кепілдігін жүзеге асырудың механизмі ұсынылатын болады.

Похожие материалы