Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Бейсенбі күні биткоинның бағасы 7,5 мың долларға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
CoinMarketCap порталының деректеріне сәйкес, Мәскеу уақыты бойынша 8.32-ден бастап, биткоин 0,08%-ға, 7,507 мың долларға дейін төмендеді. Сәрсенбі кешкісін баға 7,3 мың долларға дейін түсті. Binance биржасында криптовалютаның құны 0,2%-ға, 7,51 мың долларға дейін, Bitfinex бойынша 0,01%-ға, 7,501 мың долларға дейін өсті.
Баламалы криптовалюталар түрлі бағытта сатылады. Осылайша, Ethereum бағасы 0,32%-ға, 573,39 долларға дейін, Ripple 1,26%-ға, 0,611 долларға, Bitcoin Cash 0,6%-ға, 1005,08 долларға дейін төмендеді. CoinMarketCap мәліметтері бойынша, криптовалюта нарығының капиталдандыруы 329,72 млрд долларды құрайды. Оның ішінде биткоин нарықтың 39%-ын алады.
«Соңғы төрт айда биткоин бағамы нарықта тұрақтана алмады. Алайда орнына күрт өзгерулер мен биткоинның күрт төмендегенін көріп отырмыз. Сондай-ақ, бұл 2017 жылдың қараша айына дейін байқаған криптовалютаның біркелкі өсу динамикасына еш қатысы жоқ», - дейді Tugush Blockchain Finance PR-директоры Тимофей Фортунатов.
Айта кетерлігі, соңғы төрт айда биткоин 6-12 мың доллар аралығында сатылды. Наурыз айының басынан бастап биткоиннің бағасы 10 000 доллардан төмен деңгейін сақтап тұр.