Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда сәуір айында шамамен 140 мың шағын кәсіпкерліктегі белсенді компания тіркелді

Қазақстанда сәуір айында шамамен 140 мың шағын кәсіпкерліктегі белсенді компания тіркелді

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанның бизнес-регистрі шамамен 140 мың шағын кәсіпкерліктегі белсенді компанияны құрады. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 0,4%-ға көп және бір жыл бұрынғыдан 8,1% артық. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Шағын кәсіпкерлік қызметінің негізгі аймағы – Астана. Онда бірден + 30,9%, ал бір айда +1,5% өсті. Жалпы 18 мыңға жуық жұмыс істеуші компанияға дейін артты.

Белсенді шағын бизнес субъектілерінің ең көп жинақталған аймағы әлі күнге дейін қаржы орталығына тиесілі. Алайда олардың саны Алматыда бір айдың ішінде төмендеп кетті: минус 0,3%. Дегенмен жыл сайынғы динамикада өсім 5,1%-ға, 32 мыңға дейін көтерлді. Ол дегеніміз, Қазақстан бойынша 22,9%-ды құрайды.

Сондай-ақ, банктер қарқынды дамып келе жатқан шағын бизнесті кредиттеуге асығыс емес. Осылайша, салаға берілген несиелердің көлемі бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 10,9%-ға, 2,7 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Шағын бизнесті несиелендірудің ең үлкен ағымы оңтүстік астанада байқалады. Бір айда 1,3% және бірден 13,8%-ға артып, 1,3 млрд теңгеге жетті. Дегенмен, бұл әлі Қазақстан бойынша 46,7%-ды құрайды.

Похожие материалы