Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KAZ Minerals Чукоткадағы кен орынды сатып алуға дайын

KAZ Minerals Чукоткадағы кен орынды сатып алуға дайын

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық KAZ Minerals компаниясы ресейлік бизнесмен Роман Абрамовичтің және оның серіктестерінің Чукоткадағы Баим мыс-порфирлік кен орнын игеру жобасында бақылау пакетін сатып алуға жақын қалды, деп хабарлайды «Коммерсант» компаниясы.

Басылымның дереккөздеріне сәйкес, мәміле 1 млрд долларға бағаланып отыр. Тараптардың келісімдері маусым-шілде аралығында ресімделуі мүмкін. Қазір компания Ресей Федерациясының шетелдік инвестициялар бойынша заң комиссиясына құжаттарды дайындап жатыр. Өйткені KAZ Minerals Plc бас кеңсесі Лондонда тіркелгендіктен, Баим федералдық маңызы бар минералдық ресурстарға жатады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, KAZ Minerals компаниясының Баим кен орнындағы бақылау пакетін сатып алу туралы мүмкіндігі 2018 жылдың басында құрылды.

Похожие материалы