Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылдың сәуірінде театр билеттерінің бағасы 2017 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артып, Қазақстан бойынша орташа билет бағасы 732 теңгені құрады. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Атап айтқанда, ең қымбат билеттер Алматы театрларында (билет бағасы 2134 теңге) Астана театрларында (1095 теңге) және Атырау театрларында (1000 теңге) сатылды.
Айта кетерлігі, 2017 жылы еліміздің театрлары Қазақстан халқын 16 мың спектакльмен қуантты. Олардың 363-і жаңа қойылым болып саналады. Театрға биыл 2,8 млн көрермен келді. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2,3 млн адамды құраған. Оның ішінде көрермендердің 1,3 млн-ы кішкентай балалар болды.
Сондай-ақ, 2018 жылдың басында Қазақстанда 68 театр жұмыс істеді. Бұл 2016 жылға қарағанда 4 есеге көп.