Экономика
Выбор редактора
«Қазақтелеком» акционерлерге бір акция үшін 1 600 теңгеден төлейді
Алматы. 4 маусым. 7kun.z - «Қазақтелеком» акционерлерге дивидендтер үшін 16, 7 млрд теңге төлеуге ниетті, деп жазды LS.
Акционерлердің жалпы жиналысы акцияға 1595,79 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, төлемдердің жалпы сомасы шамамен 16,74 млрд теңгені құрайды.
Төлемдер 4 маусымда басталады.
Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания акционерлерге бір акция үшін 404,57 теңге ұсынды.