Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы арзандады, деп хабарлайды Қазақпарат.
Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,5 долларға төмендеп, баррелі 75,29 доллар болған. WTI маркілі мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,06 долларға кеміп, баррелі 64,75 долларды құрады.