Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамырда жылдық инфляция 6,2 пайызда құрады

Мамырда жылдық инфляция 6,2 пайызда  құрады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Кеше Алматыда ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің қаржы сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті. Оның барысында реттеушінің ақша-кредит саясатының мәселелері, ақша және валюта нарықтарындағы ахуал, сондай-ақ қаржы реттеушісінің базалық мөлшерлеме деңгейін 9,25%-дан 9%-ға дейін төмендету жөніндегі шешімі талқыланды.

Ұлттық банктің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин дөңгелек үстелге қатысушыларға жылдық инфляцияның 2018 жылға арналған нысаналы дәліз шеңберінде төмендеуін жалғастырғанын айтты.

«Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі инфляцияның ағымдағы және келесі жылға арналған нысаналы дәліз ішінде төмендеуін және 2020 жылдың соңына қарай инфляция бойынша 4% болатын орта мерзімді бағдарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыруда. Бұл ретте ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде сақталады. Алайда проинфляциялық тәуекелдердің қысқа мерзімді, сол сияқты орта мерзімді перспективада іске асу ықтималдығының өсуі аясында базалық мөлшерлеменің 2018 жылы одан әрі төмендеу әлеуеті айтарлықтай төмендеді», - деп түсіндірді В.Тутушкин.

Ол, сондай-ақ жылдық инфляция мамырда төмендеуін жалғастырып, 6,2%-ы құрағанын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің өкілі сауда әріптес - елдердегі инфляцияның ағымдағы деңгейі өздерінің нысаналы мәндерінен төмен екендігін, алайда олардың дезинфляциялық әсер ету әлеуеті біртіндеп жойылғанын атап өтті.

Похожие материалы