Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - ҚР Үкіметінің қаулысымен Нариман Нұрланұлы Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Нариман Мұқышев 1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.

2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін «Қазпошта» АҚ бизнесті трансформациялау және АТ жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарған.

Похожие материалы