Алматы. 11 маусым. 7kun.kz - Жаңа технологияларға дайындық жаһандық рейтингінде Қазақстан бес орынға төмен түсті, деп хабарлайды LS.
Егер 2017 жылы The Economist Intelligence Unit мәліметтері бойынша, республика 50-орында болса, 2018 жылы Қазақстан 55-орынға түсті. Сонымен бірге елдің дайындық деңгейі 10-дық деңгейде 5,2-ден 5,5-ке дейін жақсарды. Қазақстанмен бірге 55-орынға Колумбия, Грузия, Мексика, Румыния, Филиппин, Тунис, Сербия, Марокко және Шри-Ланка орнықты.
Көршілес Ресей мемлекеті рейтингте 32-орынды иеленді. Бірінші орынды Австралия, Сингапур және Швеция бөлісті. Нигерия, Ливия және Ангола соңғы 80-82 орындарды иеленді.
Қазақстанда интернет желісіне қолжетімділік 60-79% деп бағаланғанын атап өту керек. Бұл жалпы ел бойынша екінші көрсеткіш. Бұндай көрсеткіш Ресей, Шығыс Еуропа және АҚШ-қа да тиесілі. Ал, технологиялық дамудың дайындық рейтингінде Америка төртінші орында тұр.