Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 68 мегаваттық 4 күн электр станциясы іске қосылады

Қазақстанда 68 мегаваттық 4 күн электр станциясы іске қосылады

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Алдағы екі жылда Қазақстанда жалпы қуаты 68 мегаваттық 4 күн электр станциясы іске қосылады. Инвестициялық көлемі 23 млрд теңгені құрайтын жобалар Алматы және Қызылорда облыстарында жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін жаңартылған энергия көздері жобаларын іріктеуге қатысты баспасөз жиынында Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан мен Қостанай, Маңғыстау облыстарында жалпы қуаты 105,85 мегаваттық 10 жел және 1 биогаз станциялары салынады. Құны 36 млрд теңге болатын бұл жобалар үш жылда ел игілігіне берілуі тиіс.

Сала басшысы халықаралық аукционның алғашқы нәтижелерінің қорытындысына да тоқталып, сауда-саттыққа 53 отандық және Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Болгария елдерінің компаниялары қатысқанын айтып өтті.

«Аукциондық сауда-саттық шынайы бәсекелестік орта қалыптасып, жаңартылған энергия көздерінің баға тарифін төмендетті. Сонымен қатар, әлеуетті инвестор анықталды. Мысалы, қазір 19 компанияның 15 жылға шарт жасасуға мүмкіндігі бар. Біз аукционға мөлшерімен 245 МВт сұраныс жібердік. Жалпы қатысушылардан жел, күн, биогаз бәрін қоса алғанда қуаты 959 МВт ұсыныстар түсті. Оның ішінде 194 МВт-ы талапқа сай ең үздік бәсекеге жауап бере алады. Бұл дегеніңіз жарты Астананы, тіпті тұтас елорданы жаңартылған энергия көздерімен қамтуға жетеді», – дейді Бозымбаев.

Похожие материалы