Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Маск Tesla қызметкерлерінің 9 пайызға қысқартылуы туралы хабарлады

Илон Маск Tesla қызметкерлерінің 9 пайызға қысқартылуы туралы хабарлады

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Илон Маск компания қызметкерлеріне электронды хат жіберді. Онда Tesla Motors қызметкерлерінің 9%-ы жұмыстан босатылғаны туралы хабарлады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл хат тек ішкі қолданысқа арналған болатын, бірақ нәтижесінде ол баспасөзге жеткен.

Маск жұмыстан босату қажеттілігі компанияның құрылымындағы шығынды қысқартып, кірістілікке қол жеткізуге тырысу бойынша өзгерістерге байланысты екендігін түсіндірді. Миллиардер бұл шешімнің күрделі екенін айтып, бұл қысқартулар жаңа Model 3 седан өндірісімен тікелей айналысатындарға қатысты болмайтындығына уәде етті, деп жазады РБК.

Өткен жылдың желтоқсанында Tesla Inc. компаниясында тұрақты жалақыда 37 543 адам жұмыс істеген.

Маск Model 3 туралы мамыр айының соңында мәлімдеді. Ол көліктің екі қозғалтқышы бар 36 мың доллар тұратын седан болатынына уәде берді. Сонымен қатар, жаңа автомобильдегі аккумулятордың заряды конфигурацияға байланысты 300 км немесе одан көп жетуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Tesla акциялары 5%-ға төмендеді. Оған компанияның автопилотта жүретін көліктерінің бірінің жол апатына түсуі, сондай-ақ Масктың банкротқа ұшырау туралы әзілі себеп болды.

Похожие материалы