Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Кселл» компаниясына авторлық құқықты бұзғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады

«Кселл» компаниясына авторлық құқықты бұзғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - «Кселл» АҚ-ға авторлық құқық бұзғаны үшін үлкен айыппұл салынады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Кең таралған ақпаратқа сәйкес, Данияр Балиевтің компаниясы негізсіз түрде «Кселл» АҚ-нан миллиард теңге талап етеді. Бірінші инстанция соты Балиев мырзаның талаптарын қолдап, талапкердің пайдасына 670 млн теңге өндіріп алуға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта «DLConstruction» ЖШС-ның «Кселл» компаниясына жасаған шағымының жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды. Ал, ұялы байланыс операторы Данияр Балиевтің компаниясының талабымен келіспей, сот талқылауының әділдігіне күмән келтірді.

Данияр Балиевқа тиесілі «DLConstruction» ЖШС сотта «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС-нің «DLConstruction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды. «DLConstruction» ЖШС пікірінше, «Кселл» компаниясы және оның серіктесі MobiTV пакеттерінің біріне кіретін Muzlife телеарнасында 18 күн бойы 49 бейнебаян таратылып, компания авторлық құқықты бұзған, ал «MuzLife» телеарнасына берілген тарату құқығы сотта дәлелденбегенін айтты.

Бірінші инстанция соты «Кселл» АҚ байланыс операторы және «Terraline» ЖШС авторлық құқықты бұзды деп таныды және туындының әрбір шығарылымы үшін жалпы сомасы 670 млн теңге 1300 АЕК өтемақы өндіріп алуға шешім шығарды.

Қазіргі уақытта Данияр Балиевтың компаниясы «Кселл» АҚ-на жалпы сомасы 5 млрд теңгеден асатын  сотқа дейінгі тағы 2 талап қоюда. Бұдан басқа, «DLConstruction» ЖШС «Кселл» АҚ-нан Балиев мырзаның компаниясына берілген барлық авторлық құқықтың ұялы байланыс операторының және оның серіктесінің тарапынан бұзылғаны үшін өтемақы ретінде 40 млрд теңгені өндіріп алуға ниеттеніп отыр.

Ал, «Кселл» АҚ-да Балиевтің компаниясының айыптауымен келіспей, авторлық құқықты бұзбағандарын айтады. Сондай-ақ, компания соттың шығарған шешіміне қарсы болып, сотқа қарсы шағымданады.

«Кселл» АҚ ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және Қазақстанда авторлық құқықты қорғау саясатына толықтай жауап береді. Екі жыл бұрын компания нарық алдына авторлық құқық сақталатын заңды конетентті қолдануды қолжетімді және ыңғайлы қылдыруды мақсат етіп қойған», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Похожие материалы