Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Апта басынан бері биткоин бағасының күрт төмендеді. Оған себеп Оңтүстік Кореяның криптовалюта биржасының бұзылуы болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
CoinMarketCap порталының деректеріне сәйкес, Мәскеу уақыты бойынша 10:17-ден бастап биткоин 1,22%-ға, 6,514 мың долларға дейін төмендеген. Binance биржасында криптовалюта 1,16%-дан 6,462 мың долларға дейін, ал Bitfinex-те 1,68%-ға төмендеп, 6,46 мың долларға жетті.
Баламалы криптовалюталардың да жағдайы мәз емес. Ethereum 1,68%-ға арзандап, 486,56 долларға дейін, Ripple - 1,05%-ға, 0,55 долларға дейін, Bitcoin Cash - 0,54%-ға, 866,46 долларға дейін арзандады. CoinMarketCap мәліметтері бойынша, криптовалютаның нарықтық капитализациясы қазіргі уақытта 279,38 млрд долларды құрайды. Ал, жалпы биткоин бүкіл криптовалюта нарығының шамамен 40%-ын құрап отыр.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Coinrail криптовалюта биржасы 10 маусымда өз жүйелерін бұзуға әрекет жасалғандығы туралы хабарлаған болатын. Осы жаңалықтан кейін биткоин бағасы 10%-ға төмендеген.
«Төмендеу үрдісі жалғасуда, биткоин кемінде 6,1 мың АҚШ долларын тестілеуден өткізді. Алайда сауда көлемі айтарлықтай өсті. Бұл жергілікті төмендеу деңгейіне жақындауға мүмкіндік береді», - деді CryptoLife сандық активтеріндегі мамандандырылған инвесторлардың халықаралық желісінің инвестициясы бойынша директоры Мансур Гусейнов.
«Сонымен қатар, RSI индексі жарты жылда минимумда тұрақтанды. Бұл нарықтың алып сатуына әкеледі. Осыған байланысты биткоин 7 мыңға дейін өсуі мүмкін. Бірақ содан кейін төмендеуі жалғасатын болады», - деп қосты сарапшы.