Астана. 27 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXV сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасының орынбасарларын тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында біздің шешімімізден жылына бір рет түрлі этномәдени бірлестіктің өкілдерінен Ассамблея төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалады. Ассамблея кеңесі маған бұл лауазымға Ақтөбе облысының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вешняк пен Қазақстан әзербайжандары қауымдастығының жетекшісі Абилфас Хамидовты тағайындау туралы ұсыныс жасады. Бүкіл халық, біздің Ассамблея оларды біледі, қолдаймыз. Егер қарсылық болмаса, мен оларды ҚХА төрағасының орынбасарлығына тағайындау туралы өкімге қол қоямын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.