Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz – Демалыс және мереке күндерін қоса санағанда 2019 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады.
Сенбі және жексенбі күндерін есептемегенде ел тұрғындары наурыз айында 5күн, мамыр мен желтоқсанда 4 күн, ақпанда 3 күн, шілде және тамыз айларында 2 күннен демалады.
Алдағы жылы Құрбан айт 11 тамызға тура келгендіктен, бұл күн демалыс күні болып есептелінді.
Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелік күндер: мемлекеттік мерекелер:
- Жаңа жыл - 1-2 қаңтар;
- Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;
- Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - 1 мамыр ;
- Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
- Жеңіс күні - 9 мамыр;
- Астана күні - 6 шілде;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан;
- Тәуелсіздік күні - 16-17 желтоқсан.