
Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусымында "ҚазТрансОйл-дың" мұнай тасымалы 22,7 млн тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың аталған мерзіміне қарағанда 4 пайызға жоғары. Бұл туралы interfax.kz хабарлады.
Мұнай тасымалы мен мұнай өнімдерінің шоғырланған көлемі 28,9 млн тонна (2% көп) болды.
Қазақстан мұнай тасымалының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымында "ҚазТрансОйл" АҚ-нан бөлек 19 млрд тонна-километрді ( 6%), біріккенде - 23,01 млрд тонна-километрді (7%) құрады.
Еске салсақ, "ҚазТрансОйл"-АҚ - Қазақстанның мұнай құбыры инфрақұрылымындағы ірі кәсіпорын.