Алматы. 27 қазан. 7kun.kz — Кеше «Corich Group», «Sulpak Cinema» компаниялары және «Kinopark» кинотеатрлар желісі қазақстандық прокатқа шыққан "Брат или брак" (Аға ма, әлде неке ме) фильмінің көрсетілімін өткізді.
[caption id="attachment_78537" align="aligncenter" width="640"] 7kun.kz[/caption]Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" драмалық тарихи фильмінде Қорланды сомдаған Құралай Анарбекова "Брат или брак" фильмінде басты рөлді - Гауһарды ойнайды, әрі бұл фильм Құралайдың толықметражды фильмге бас продюсер болған продюсерлік дебюті.
Бас продюсер «Corich production» продюсерлік орталығының негізін қалағаннан кейін лайықты сценарий іздеді. "Ұзақ ізденістен кейін қызық сценарийді таптым. Оның авторы - картинаның қосалқы продюсері Әлішер Утев", - деді Құралай Анарбекова. Сценарий жазуға сондай-ақ Әділбек Сейілхан мен Арыстан Каунев атсалысты.
«Брак или брат» комедиясы былай өрбиді: 5 ағасы бар Гауһар тұрмысқа шыққысы келеді, алайда оның бұл шешіміне ағалары қарсы болады. Болашақ күйеу бала қыздың ағалары қойған неше түрлі сынаққа шыдап бағуы тиіс. Гауһарды да қиын таңдау күтіп тұр: не ағалары, не тұрмысқа шығу.
[caption id="attachment_78538" align="aligncenter" width="640"] 7kun.kz[/caption]Фильм Алматы қаласында түсірілді. Түсірілім жұмыстары 2017 жылы мамырдың 26-сы мен маусымның 29-ы аралығында өтті (түсірілімге кететін уақыт алғашында 23 күн деп шешілген болатын, ауа-райының өзгеруіне және актерлардың босамауына байланысты бір айға созылды).
[caption id="attachment_78539" align="alignleft" width="823"] Фото: kinopoisk.ru[/caption]Режиссері: Ернар Нұрғалиев («Өгей жүрек», «Сүйе білсең» және «Қазақ аруы») Идея авторы және сценарийін жазған: Әлішер Утев ("Қазақша бизнес") Басты рөлде: Құралай Анарбекова ("Жаужүрек мың бала", "Аманат", "Анаға апарар жол", "Қазақша бизнес") Бас продюсері: Құралай Анарбекова ("Алтын ұя", "Дуэт") Рөлдерде: Дәурен Серғазин ("Алдар көсе", "Астана - жүрегім менің", "Жас ұлан", "Ән аға", "Жаужүрек мың бала", "Көшбасшы жолы", "Қара шағырақ"), Нұрлан Сабыров (ресейлік «Stand Up» шоуының резиденті), Тәуекел Мүслім ("Махаббатым жүрегімде", "Анамды іздеймін", "Бәрі еркектер үшін", "Қазақ аруы"), Бауыржан Қаптағай ("Ер-Төстік және Айдаһар", "Ақылдың кілті. Өмірдастан", "Қария"), Мұрат Бисенбин ("Рэкетир", "Ағайындылар", "Серпіліс", "Қызғылт қоян туралы хикая", "Сіз кімсіз, Ка мырза?", "Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман", "Бүкіл әлем аяғымыздың астында", "Ең сұлу қыз", "Бәрі еркектер үшін", "Мұра махаббат"), Әбунасыр Серіков ("Ғашық жүрек", "Сұр бойдақ"), Олжас Жанабеков және т.б. Фильм ұзақтығы: 1 сағат 27 минут
Өнім сапалы шығуы үшін кинокартина бюджеті қомақты болуы керек екені сөзсіз. "Жақсы актерлерді шақыру үшін, сапалы өнім шығуы үшін көп қаражат керек", деген бас продюсер фильм шығынын нақты айтпады, тек фильмнің бюджеті жоспарланған сомадан әлдеқайда асып түскенін айтты.
- Фильмнің атауына байланысты 50 шақты ұсыныс болды. «Брак или брат» атауын алуды Құралайдың өзі шешті.
Фильм мейірімді, күлкілі. Ішінде махаббат бар, достық бар. Туыс-туғанмен қарым-қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет деген қасиеттер баяндалған. Идея шынайы өмірден алынған деуге болады. Құралайдың әкесі 5 ағайынды және ең кіші қарындасы бар.
- Фильм сценарийі жазылғанда рөлдерді қандай актерлар ойнайтыны бірден қарастырылған. Актерлық құрамның 80 пайызын осы адамдар сомдауы мүмкін деп шешілген. Ал қалған 20 пайызы кастингте таңдалды.
- Комедиялық таспаның музыкалық әрлеуі «Тағы да сүй» әні болды. Әннің композиторы Ренат Гайсин. Әнді орындаушы - Кәмшат Жолдыбаева. Бұл Кәмшаттың кинотаспаға алғаш рет саундтрек жазуы. Бұрын мұндай жобаларға ол актриса ретінде қатысатын.
- Картинаның музыкалық сүйемелдеуі композитор әрі әнші Ренат Гайсиннің орындауындағы «Сүйемін» лирикалық әні болды. Әннің сөзін Мирас Қадырмұрат жазған.
Тэги:
- 7kun.kz
- 7күнкз
- Фильм
- Алматы
- көрсетілім
- отандық фильм
- тұсаукесер
- жаңалықтар
- MK
- Sulpak Cinema
- Kinopark
- кинотуынды
- қазақтандық фильм
- жаңа туынды
- Брат или брак
- Аға ма әлде неке ме
- Corich Group
- Құралай Анарбекова
- Ернар Нұрғалиев
- Әлішер Утев
- Дәурен Серғазин
- Нұрлан Сабыров
- Тәуекел Мүслім
- Мұрат Бисенбин
- Олжас Жанабеков