Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері анықталды

Әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері анықталды

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Тайлер мен Камерон Уинклвосс әлемдегі алғашқы биткоин миллиардерлері атанды. Ағайындылар әлемдегі барлық биткоиндердің шамамен 1 пайызына ие. Осылайша, биткоиндер қоры миллиард доллардан асты, деп мәлімдеді The Telegraph.

Газеттің хабарлауынша, 2013 жылы ағайындылар, әлемдегі барлық биткоиндердің пайызын иеленіп, крипто-валюталарды 11 миллион долларға сатып алған. Содан бері бұл көрсеткіш 100 есеге артып, өткен аптада 11395 долларды құрады. Ағайындылардың еншісіндегі биткоиндердің нақты саны белгісіз. Бірақ ол 100 мыңнан асады деген болжам бар.

Олар өздерінің крипто-валюталық активтерін сатпайтындарын айтады. Керісінше оларды ұзақ мерзімде сақтауға ниетті.

Еске салайық, 28 қарашада биткоиннің мөлшерлемесі 10 мың доллардан асты. Биткоинның нарықтық капиталдандыруы 165,85 миллиард долларға жетті. Сoindesk порталының мәліметі бойынша, биткоин 11,445,39 долларға сатылды.

Похожие материалы