Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

А.Исекешев такси шақыруға арналған ұялы қызметтер туралы айтты

А.Исекешев такси шақыруға арналған ұялы қызметтер туралы айтты

ҚР Инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешев өзінің Facebook парақшасында "Uber", "In driver", "aparu" секілді такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру мен төлем жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалардың жұмысы туралы пікірін білдірді.

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - «Uber», «In driver», «aparu» жайлы көп адам жағдайды түсіндіріп беруімді сұрайды. Жасыратын ештеңе жоқ. Өз басым бәсекелестікті қолдаймын. Қазақстанда заң талаптарын орындайтын кез келген компания жұмыс істей алады. ҚР инвестициялар мен даму министрінің жолаушыларды тасымалдау туралы ережесі бар. Онда жүргізушінің медициналық мен көліктің техникалық бақылаудан өткенін куәландыратын құжаттарының болуы туралы талап бар. Мұның барлығы жолаушылардың жағдайы үшін жасалған. Бұйрық бұрын бекітілген және іске асқанына біраз уақыт болды. Бір жағынан мұндай компаниялар мемлекетке салық түсіріп, көлеңкелі экономикамен күресуге көмектесе алады. Әрі олар қандай такси жүргізушісі жолаушыны қайда апара жатқанын көрcету арқылы қылмыс санының түсуіне септеседі. Сонымен қатар, туристерге Uber бағдарламасының тигізетін пайдасы көп», - дейді министр.
Сонымен бірге, Әсет Исекешев «Aparu» секілді компаниялар осы секілді өзге қосымшалармен бәсекеге түсіп, дамып, отандық стартаптарды қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында көмек алуға мүмкіндігі бар екенін айтып өтті.

Похожие материалы