Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АӨК-тегі еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспорты 2,5 есеге ұлғайтылады

АӨК-тегі еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспорты 2,5 есеге ұлғайтылады

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша, 2017 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі шамамен 352 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 39 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, бірінші вице-министр азық-түлік өндірісіне салынатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімін атап өтті. Мәселен, 2017 жылы инвестициялар өсімі 2016 жылмен салыстырғанда 51 пайызды құрады.

Бұдан өзге, Арман Евниевтің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінде қабылданған қосымша шаралар АӨК саласына жеке инвестициялар ағынының артуына ықпал етеді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, стратегиялық инвесторларды тарту арқылы жалпы құны 175 млн долларды құрайтын сүт пен ет өндіру және қайта өңдеу бойынша төрт инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр», — деді Арман Евниев.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша төрт трансұлттық компаниямен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына кіретін инвестициялық жобалардан өзге, қазіргі кезде жалпы құны 952 млн доллар болатын, шетел инвесторларының қатысуымен 20 жоба жүзеге асып келеді», — деді Арман Евниев.

Негізгі қаражаттарға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қайтару бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары мен малдардың лизингі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, аграрлық қолхаттар, ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, лизингтік компаниялар, несиелік серіктестерді «ҚазАгро» холдингімен қорландыру секілді құралдарды енгізу жоспарланып отыр.

«Аталған бағдарламаны іске асырудың төрт жылында 482 млрд теңгеге тікелей инвестициялар тартылды. Субсидиялардың 1 теңгесіне бюджеттің орта есеппен 4 теңге жеке инвестициясы келеді», — деді бірінші вице-министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы