Экономика
А.Мамытбеков: Жанармайдан кейін азық-түлік те қымбаттайды
Жанармай бағасының қымбаттауынан азық-түлік бағасы да өзгереді. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді. Министрдің сөзінше, бензин бағасының қымбаттауы бірден дүкен сөрелеріне әсер етеді.
"Транспортқа және логистикаға қатысты басқа да шығындар бар", - деп түсіндірді ол. Ведомство басшысының атап өтуінше, ресейлік тауарлардың көптігіне қарамастан отандық өнімдердің бағасы әлі де түскен жоқ. "Біз өндірушілер арасындағы бағаға қарағанда саудадағы баға көбірек көңіл бөлуіміз қажет", - деп есептейді А.Мамытбеков.
Сондай-ақ, ол ауа-райына байланысты егін жинау кампаниясының уақыты да созылғанын мәлімдеді. "Жауын арасындағы үзіліс кезінде фермерлер ылғал бидайды жинауға мәжбүр. Ал оларды құрғату үшін қосымша шығын шығады. Менің ойымша, осы жылы егін жинау өткен жылғыға қарағанда жақсы өтуі керек. Былтыр астықтың жартысы қар астында қалған еді. Бірақ бұл жылы ондай оқиға болмайды деп жауап бере алмаймыз",- деді министр.
Оның сөзінше, курстың өзгеруі барынша оң әсер еткен. "Егер девальвация жүргізілмегенде, бидай бағасы тіпті арзан болар еді", - деп түсіндірді министр.
Оның мәліметінше, Париж биржасындағы үшінші классты бидай 165 доллардан, ал Чикаго биржасында 170 доллардан сатылады. "Егер курсты долларға қатысты 250-260 теңге деп алатын болсақ, Қазақстандағы баға әлемдік бағаға сай келеді", - деп қорытындылады ол.