Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақорда Facebook-те жаңа парақшасын іске қосты

Ақорда Facebook-те жаңа парақшасын іске қосты

Президенттің Баспасөз қызметі 23 қазаннан бастап Facebook желісіндегі жұмыс форматын өзгертіп, AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосты.

"Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады.Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді.Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады.Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін",- деді Президенттің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

Похожие материалы