Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпанда Қазақстандағы ақша жиыны 4,3%-ға төмендеді

Ақпанда Қазақстандағы ақша жиыны 4,3%-ға төмендеді

2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ақша жиыны 4,3 пайызға, 12,287 трлн теңгеге дейін төмендеді деп хабалайды Ұлттық банк.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларының ақша жиыны 0,9%-ға қысқарды.

Ақпан айында айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 7,7%-ға (қаңтар-ақпанда - 1,4%-ға), 1,021 трлн теңгеге дейін төмендеді. Есептік кезең ішінде банк жүйесіндегі депозиттер 0,9%-ға (қаңтар-ақпанда - 3,7%-ға), 11,266 трлн теңгеге дейін қысқарды.

2015 жылдың ақпан айында ақша жиыны 8,9%-ға азайды да 3,145 трлн теңгені құрады. Ақпан айындағы тар ақша жиыны (Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің мерзімді депозиттерін ескермегенде) 9%-ға, 3,060 трлн теңге дейін тарылды (жыл басынан 1,5%-ға кеңейді).

Похожие материалы