Экономика
Авто
2018 жылы банктер шағын бизнеске 2,72 трлн теңге несие берген
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың көктеміне қарай қазақстандық екінші деңгейлі банктер заңды тұлғаларға несие беруді баялатты деп жазады ranking.kz.
2018 жылдың алғашқы екі айында қазақстандық заңды тұлғалар банктерден 8,01 трлн теңге көлемінде несие алды. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстыратын болсақ, 4,1 пайызға аз.
Заңды тұлғаларды несиелендіру көлемі банктердің қарыз портфелінің 63 пайызына тең.
Екінші деңгейлі банктер Қазақстандағы шағын бизнеске 2018 жылдың алғашқы екі айында 2,72 трлн теңге көлемінде несие берген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмен.