Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпанда тұрғын үй бағасы 0,2%-ға қымбаттады

Ақпанда тұрғын үй бағасы 0,2%-ға қымбаттады

Қазақстандағы жаңа үйлер құны ақпанда қаңтармен салыстырғанда 0,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Комитет мәліметтеріне сүйенсек, қайталама нарықта абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы ақпанда 0,1%, жайсыз тұрғын үй бағасы 0,2%-ға, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру бағасы 0,4%-ға артты.

Республика бойынша жаңа үйдің 1 шаршы метрінің бағасы ақпанда орташа бағамен  223,7 мың теңге, қайта сатылған жақсы үйлер бағасы – 175,1 мың теңге, жайсыз үйлер – 101,8 мың теңге, ал абаттандырылған үйлер – шаршы метріне 1251 теңгеге бағаланған.

Похожие материалы