Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпарат министрі латын әліпбиінің ұсынылған нұсқасына пікір білдірді

Ақпарат министрі латын әліпбиінің ұсынылған нұсқасына пікір білдірді

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиінің барынша ықшам болғанын қалайтынын айтты.

«Қазіргі кезде латын әліпбиін енгізу мәселесінде тиімді пікір алмасулар  жүріп жатыр, яғни алфавиттің біз үшін қолайлы нұсқалары талқыланып жатыр.  Жалпы алғанда, әліпбидің барынша ықшам болғанын қалаймын және осыған байланысты ұсынылған жобаны қолдап отырмын», - деп атап өтті Дәурен Абаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында тілшілерге берген сұхбатында.

Бұл тұрғыда министр алдағы уақытта сарапшылар мен сала мамандары әліпбиге байланысты қажетті ұсыныстарын жасайтынын атап өтті.

«Жеке әріптерге қатысты сарапшылар тағы пысықтап, оларды тиімді пайдалануды қарастыратын болады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы мәселе жалпыға ортақ талқылауға шығарылды және осы үшін ұсыныстар мен толықтырулар енгізуге толық жағдай жасалып жатыр», - деді Дәурен Абаев.

Еске салсақ, биылғы 11 қыркүйекте Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтті. Онда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды.

Похожие материалы