Экономика
А.Сәрінжіпов А.Перуашевке айтқан сөздерінен бас тартқан жоқ
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов депуттар жеке мүдделерді қорғауы мүмкін дегенге қатысты пікірін өзгертпеді, және қылмыстық істің қозғалуына қарамастан өз сөздерінің бас тартпайды.
"Мәселе құқықтық салаға ауып кеткеніне байланысты менің бұл мәселеге пікір білдірмеуіме құқығым бар. Құзіретті органдар анық-қанығын жетеді. Мен өз ойымды өзгертпедім, барлық айтқанымды растадым", - деп мәлімдеді журналистерге парламент кулуарында А.Сәрінжіпов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов депутат Азат Перуашевтың жүгіну фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалғаны туралы
хабарлаған болатын.
Депутат пен министр арасындағы шиеленіс мамыр айының аяғында болған-тын. Білім беру мәселесі бойынша заңнамаға түзетулердің енгізілуі талқыланып жатқанда А.Перуашев білім министрлігі президенттің ЖОО-ны аккредиттеуге өту жөніндегі тапсырмасын атқара алмады деп, министрге отставкаға кетуді
ұсынған еді. Ал толық отырыстан кейін А.Сәрінжіпов А.Перуашев белгілі бір тұлғалардың мүдделерін қорғап жатыр деген мәлімдеме жасады.
Нәтижесінде, депутат А.Сәрінжіповтың сөздері «қылмыстық кодекстің бабымен қаралуы» тиіс деген қорытындыға келіп, бас прокуратураға
жүгінді.
Бұл ретте, А.Перуашев кейінірек арызды қайта алып кетуге дайын екенін білдірді, бірақ ол үшін А.Сәрінжіпов депутаттар алдында кешірім сұрауы тиістігін айтты. Алайда білім және ғылым министрлігінің басшысы кешірім сұрамайтынын
айтқан болатын.