Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

А. Сәрінжіпов: Білім беру гранттарының нәтижесі осы аптада белгілі болады

А. Сәрінжіпов: Білім беру гранттарының нәтижесі осы аптада белгілі болады
Осы аптада білім гранттарының нәтижелері белгілі болады. Осы жылы мемлекет тарапынан 32 мыңнан астам грант бөлінді. Ал, байқауға 67 мың түлек қатысқан. Бұл жөнінде білім гранттарын тағайындайтын республикалық конкурс комиссиясы жұмысының барысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді деп хабарлайды BNews.kz. «5-тамыз күні Республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Осы жылы ЖОО-ға 32 168 грант бөлініп отыр. Биыл ҰБТ нәтижелері жақсы болғанының білесіздер. Байқауға 67 мың түлек түсіп отыр», - дейді министр. 32 мың гранттың 12 500-і техникалық мамандықтарға, 6 мыңы - педогогикалық мамандықтарға, 2500-і ауыл шарашылық мамандықтарына бөлінеді. «Байқауға қатысқандардың 78 пайызы қазақ мектептерінің түлектері. Сәйкесінше, гранттардың 78 пайызы қазақ тілінде білім беретін бөлімдерге бөлінеді. Қалған бөлігі - орыс тілді мектеп түлектеріне беріледі. Білім гранттары иегерлерінің тізімі БАҚ беттерінде жарияланады. Комиссия отырысы біткен бойда нәтижелері министрліктің сайтына, кейіннен алдындағы қатарлы БАҚ сайттарына салынады. Осы аптада байқау нәтижесі толығымен белгілі болады», - деді А. Сәрінжіпов    

Похожие материалы