Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Киберқылмысқа айыпталып отырған ресейліктер үшін 3 млн доллар сыйақы тағайындалды

Киберқылмысқа айыпталып отырған ресейліктер үшін 3 млн доллар сыйақы тағайындалды

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті екі ресейлік азаматтар - Роман Золотарев пен Константин Лопатинді киберқылмысқа айыптап отыр. Олар туралы ақпарат берілгені үшін 3 млн доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы "Хилл" веб-сайты хабарлайды.

Оларды Carder.su сайты арқылы интернетте заңсыз әрекеттерге барған деп айыптап отыр. АҚШ-тың ресми билігі Р.Золотарев пен  К.Лопатин Carder.su сайты арқылы ұрланған, жалған құжаттарды, кредитті карталарды саудаға салған деп есептейді. Сондай-ақ, олар құжаттар мен кредитті карталарды қаржылай алаяқтық үшін пайдаланған болуы да мүмкін.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, хакерлердің әрекетінен 50 млн доллар көлемінде шығын келген. "Хиллдің" хабарлауынша киберқылмысқа байланысты тағы да 30 адам айыпталып отыр.
 

Похожие материалы