Астана. 25 ақпан. 7kun.kz — Бүгін, 25 ақпанда «Астана ЭКСПО-2017» кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шеннон басқарған АҚШ делегациясы келді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ресми сайтында хабарланды.
Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.
«Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім», - деді Томас Альфред Шеннон.
Өз кезегінде, Ахметжан Есімов АҚШ Көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті. «Биылдың өзінде мен 2 мәрте АҚШ болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл жаңа технология мен заманауи ғылымды дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет» - деді ұлттық компания Басқарма төрағасы.
Кездесу соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша процедуралық мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.
Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.