Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ әлемдегі ең алып ұшақ жасап шығарды

АҚШ әлемдегі ең алып ұшақ жасап шығарды

АҚШ. 1 маусым. 7kun.kz - Бүгін АҚШ әлемдегі ең үлкен Stratolaunch ұшағын Калифорниядағы ангардан шығарды. Ол ғарыш зымырандарын 9,1 мың метрден ұшыруға арналған.

Ұшақтың биіктігі 15 метр, ал қанаттарының ұзындығы 117 метр. Әуе кемесінің 28 дөңгелегі мен алты реактив қозғалтқышы бар. Ұшақтың өз салмағы 230 тонна. Одан бөлек, 250 тоннаға дейінгі жүкті таси алады.

[caption id="attachment_70529" align="alignnone" width="692"] Фото: news.mail.ru[/caption]

Бастапқыда бұл ұшақ бір ғана зымыран таситын болады, ал кейін келе зымырандар саны үшке дейін жетеді. Зымырандарды осындай амалмен ұшыру арзанға түседі.  Сонымен қатар, құрастырушылардың сөзінше, бұл ғарышқа зымыран жіберу мәселесін біршама жеңілдетеді.

[caption id="attachment_70530" align="alignnone" width="692"] Фото: news.mail.ru[/caption]

Жоспар бойынша алғашқы демонстрациялық ұшыру 2019 жылға белгіленген.

https://youtu.be/00FMMIaKYgE

Похожие материалы