Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ мұнай экспортына рұқсат бермек

АҚШ мұнай экспортына рұқсат бермек

АҚШ Конгресінің төменгі палатасы шикізат экспортына салынған тыйымды жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы pronedra.ru жазды. 

Республикандықтардың өкілі Стив Скерлиздің мәлімдеуінше бұл шешім экономиканың өсуіне ықпал етіп, миллиондаған жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Скелиз мұнайды экспортамаудың маңыздылығы жоғалған деп санайтынын айтып, сенаторларды лайықты заң жобасын қайта құруға шақырды. Айта кетсек, АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары көп уақыттан бері мемлекет билігінен шикізатты сату заңын өзгерту жайлы сұрап келді. Осы өтінішпен 2015 жылдың наурыз айында АҚШ-тың жетекші мұнай компанияларының басшылары  да билікке жүгінген болатын.

Похожие материалы