Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ үкіметі мемлекеттік қарыз көлемінің шегіне жетті

АҚШ үкіметі мемлекеттік қарыз көлемінің шегіне жетті

АҚШ үкіметі алдын-ала жоспарланған  мемлекеттік қарыз көлемінің ақтық шегіне жетті. Апта басында ел үкіметі Конгресс алуға болады деп белгілеген мемлекеттің қарыздың  лимитін тауысты, дәл қазіргі сәтте ұлттық қарыздың көлемі- 18,1 триллион доллар.

Осыған дейін қаржы министрі Джейкоб Лью мемлекеттік қарыз лимитінің сарқылуына байланысты ведомства шара қабылдауға дайын екендігін жеткізді. 13 наурыз күні ол штат билігі пайдаланатын қазыналық құнды қағаздарды шығаруға уақытша тыйым салған еді.

Айта кетейік, 1939 жылы америкалық конгресс үкіметтің сыртқы қарыздары үшін арнайы лимит мөлшерін яғни мемлекеттік қарыздың ақтық шегін белгілеген еді. Ең соңғы рет 2014 жылдың 15 наурызында АҚШ президенті Барак Обама мемлекеттік қарыздың лимитін 2015 жылдың наурызына дейін көтеру туралы заңға қол  қойды.

 

Похожие материалы