Экономика
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанаға келді
Жексенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азия елдеріне жасаған сапары аясында Астанаға келді.
Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, Джон Керри осы сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларымен де кездесулер өтеді деп жоспарлануда. Д.Керридің Қазақстандағы сапары 1 қарашадан 3 қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, ол "АҚШ-Қазақстан Стратегиялық серіктестік диалогы" аясындағы кездесуге қатысып, жаһандық мәселелерді шешудегі Орталық Азияның рөлі туралы сөз сөйлейді деп күтілуде.